Алматы облысының аумағында өрт қауіпсіздігі туралы брифинг
Бүгін брифингте өрт қауіпсіздігінің ағымдағы жағдайы және Алматы облысының аумағында жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар талқыланды. 2024 жылдың алғашқы 9 айында 505 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті. Осыған қарамастан, қаза тапқандар саны 23%-ға азайып, 13 адамды құрады. Ағымдағы жылы облыс аумағында көміртегі тотығымен улану тіркелген жоқ, бұл халық арасында жүргізілген тиімді профилактикалық жұмыстың дәлелі.
Тұрғын үй секторында өрттің ең көп саны тіркелді — 305 өрт, бұл 11 адамның өліміне әкелді. Өрттің негізгі себептері электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезіндегі бұзушылықтар, тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдаланбау болып табылады. Сонымен қатар, пештерді орнату және пайдалану кезінде 70 өрт оқиғасы тіркелді.
Жылыту маусымы кезінде өрттің пайда болу қаупі әсіресе жоғары, бұл жылыту құрылғыларының дұрыс жұмыс істемеуіне және пештердің техникалық жағдайының нашарлауына байланысты.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті халық арасында өрт қауіпсіздігі туралы білімді арттыру үшін алдын алу шараларын жүргізуде. 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 3743 үй тексерілді. Тексеру нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарының 459 бұзушылығы анықталды, оның 409-ы жергілікті жерде жойылды.
Жылыту маусымында демалыс және мереке күндері өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыштар арқылы таратылады. Жылыту маусымында азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына басты назар аударылуда. Облыс тұрғындары мен қонақтарына жылыту кезеңінен қауіпсіз өту үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертіледі:
- пештер мен түтін мұржаларын үнемі тазалап, жөндеу жұмыстар жүргізіңіз;
- ағаш шатырлармен немесе едендермен жанасатын жерлерде пеш пен мұржаның кірпішін қалыңдату (кесу) қызып кету мен өрттің алдын алу үшін қажет. Пеште деформация мен жылудың ағып кетуін болдырмайтын тәуелсіз іргетас болуы керек және өрт қаупін азайта отырып, жанғыш материалдармен тікелей байланыста болмас үшін қабырғалардың бірінің бүкіл жазықтығымен ағаш құрылымдарға жабыспауы керек.;
- жанып тұрған пештерді қараусыз қалдырмау және тұтанғыш сұйықтықтарды қолданбаңыз;
- пештің алдындағы ағаш еденге өлшемі кемінде 50-70 см болатын металл парақты қою. Пештің қызып кетуіне жол бермеу үшін оны күніне екі-үш рет және бір жарым сағаттан артық емес жағу ұсынылады. Өрт болмау үшін ұйықтар алдында 3 сағат бұрын пештің оттығы тоқтатылуы керек.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарын жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
Қарапайым ережелерді сақтау өмір мен мүлікті сақтауға көмектеседі.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -