Алматы облысының ауыл шаруашылығы: даму динамикасы, өнімділік және мемлекеттік қолдау
Ағымдағы жылы Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 419,5 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғы 457,4 мың гектармен салыстырғанда 8,2%-ға азайған. Дәнді және масақты дақылдар 112,0 мың гектарды, жүгері 50,4 мың гектарды, күріш 6,7 мың гектарды, майлы дақылдар 23,7 мың гектарды, картоп 10,4 мың гектарды, көкөніс 15,6 мың гектарды, бақша дақылдары 1,8 мың гектарды, ал азықтық дақылдар 198,4 мың гектарды қамтиды.
2023 жылы дәнді дақылдарды жинау алаңы 169,2 мың гектарды құрады. Қазіргі таңда 119,1 мың гектар жиналып, 271,2 мың тонна астық бастырылды. Жүгеріден 28,4 мың тонна, күріштен 18,5 мың тонна, майлы дақылдардан 20,5 мың тонна өнім алынды. Картоп өнімділігі 242,1 ц/га, көкөніс өнімділігі 250,8 ц/га деңгейінде болды.
Облыста жалпы сақтау көлемі 128,6 мың тонна болатын 71 жеміс-көкөніс және картоп қоймасы бар. 55 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді, оның 20-сы өнеркәсіптік бағытта. Жылыжай шаруашылықтарын дамыту маусымаралық кезеңде жаңа көкөністермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 5 454 тонна дизель отыны бөлініп, оның 1 311,5 тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жеткізілді. Техникалар саны 10,7 мың бірлікті құрайды, оның 61,4%-ы 25 жылдан астам уақыт пайдаланылуда.
Мал шаруашылығында ірі қара мал саны 639,9 мың басты, ұсақ мал 2,8 млн. басты, жылқы 233,9 мың басты, құстар 9,7 млн. басты құрады. 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында ет өндірісі 160,4 мың тоннаға жетіп, 15,7% өсті. Сүт өндірісі 189,2 мың тоннаға, тауық жұмыртқасы 340,1 млн. данаға жетті.
Облыстағы суармалы жер көлемі 270,5 мың гектарды құрайды, суару желілерінің жалпы ұзындығы 9,4 мың шақырым. 2023 жылы 3 суару желісін жаңарту жұмыстарына 3,5 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 17,9 мың гектар пайдаланылмай жатқан суармалы жер айналымға енгізіледі.
Су үнемдеу технологияларын енгізу жоспары 42,6 мың гектарға бағытталған, қазіргі таңда 38,0 мың гектар аумақта енгізілді.
2024-2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобалар бойынша Жол картасы әзірленді. 2023 жылы 7,1 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылмақ.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,3 млрд теңге бөлініп, 1 090 шағын несие берілді. Ағымдағы жылы Алматы облысында 17,6 млрд теңге қарастырылып, 2 514 шағын несие беру жоспарланған, нәтижесінде 4 002 жаңа жұмыс орны ашылады.
Мемлекеттік қолдау мен инвестициялар ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ауыл халқының табысын арттыруға оң әсер етеді. «Әр әкім ауыл шаруашылығының өкілдерімен мемлекеттік құрылымдардың арасындағы көпір сынды болуы керек. Ауылдық округтердің әкімдіктері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің сұрақтарына жауап беріп, субсидиялар алу жолында көмек көрсететін консалтингтік орталық ретінде жұмыс істеуі керек. Тығыз қарым-қатынас болса, ауыл шаруашылығы сөзсіз дамиды», – деді Марат Сұлтанғазиев. Ол жергілікті өзекті мәселелерді облыстық және республикалық деңгейде көтеру және шешу, ауылдық округ әкімдері қызметін бағалаудың бір бағыты ретінде атап өтті.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, барлық ауылдық округтердің ғимараттарында субсидиялар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпараттық стендтер орнатылған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -