«Алтын қыран-2024»: Жетісу облысында халықаралық оқу-жаттығу басталды
Жоңғар Алатауы тауында «Алтын қыран» халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды, оның барысында Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлері мен Әзербайжанның Арнайы мақсаттағы күштері бөлімшелерінің арасында барлау тапсырмаларын орындаудан тәжірибе алмасу өтеді.
Оқу-жаттығу Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылығымен өткізілуде.
Бөлімшелерді неғұрлым тиімді үйлестіру үшін оқу-жаттығуға қатысушылардың құрамы қазақстандық және әзербайжандық әскери қызметшілерден тұратын екі біріккен жасаққа бөлінген.
Бірінші күні білім алушылармен альпинистік жабдықтарды пайдалану, байланыс тораптарын құру, тік жартастан көтеру және түсіру, биік тауда алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды эвакуациялау бойынша әдістемелік нұсқау беру сабақтар өткізілді. Қазақстандық десантшылар әзербайжандық әріптестерімен тауда азық-түліксіз қалған жағдайда аман қалу дағдыларымен бөлісті.
– Әзербайжанның Арнайы мақсаттағы күштерінің әскери қызметшілері қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарға қатысқан, тәжірибесі мол. Контингенттің арасында әскери марапаттары бар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де бар. Әрине, біз олардың тәжірибесіне, әсіресе барлау бөлімшелері мен ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдануына қатты қызығып отырмыз, – деді оқу-жаттығу жетекшісінің орынбасары полковник Ағзам Берденов.
Естеріңізге сала кетсек, бір күн бұрын Әзербайжан республикасының 50-ге жуық әскери қызметшісі бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға қатысу үшін Қазақстанға келген болатын. Алматы қаласында «Алтын қыран-2024» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсімінен соң бөлімшелер бірден белгіленген ауданға автокөлік техникасымен марш жасап, біріккен жасақтар құрамында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -