⚡️ Антикор БҰҰ ЕҚБ жобаларын іске асыруда АҚШ Мемлекеттік департаментімен ынтымақтастықты нығайтуда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали АҚШ Мемлекеттік департаментінің есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық байланыстар Бюросының (INL) бағдарлама кеңесшісі Кайл Оджимамен кездесу өткізді. Асхат Жұмағали Агенттіктің білім беру және ақпараттық құралдарды дамыту саласындағы БҰҰ ЕҚБ-мен табысты бірлескен жобалар шеңберінде INL-мен ынтымақтастық жаңа деңгейге шыққанын атап өтті. Кездесу барысында цифрлық платформаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу талқыланды. INL-дің Нархоз университеті базасында БҰҰ ЕҚБ сарапшыларымен бірлесе отырып жүзеге асырылған GRACE жобасы аясында университеттерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу курсын әзірлеу мен енгізуге қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Тараптар ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің Ыстамбұл іс-қимыл жоспары мониторингінің 5-раундының қорытындысы бойынша алынған ұсынымдарды Қазақстанның іске асыруын одан әрі қолдау туралы уағдаласты. INL және БҰҰ ЕҚБ сарапшыларымен бірлесіп, ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыру үшін Жол картасын әзірлеу жоспарлануда. Агенттік Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдар мен тетіктерді жетілдіру үшін халықаралық әріптестермен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады._ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -