Антикор Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
Талдау шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау шараларының қолжетімділігі, бюджетті жоспарлау және игеру, рұқсат беру және бақылау функцияларын жүзеге асыру мәселелері және басқалар зерделенетін болады.
Талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғамның өкілдері тартылады.
Егер сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат немесе осы саланы жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз mukashev.a@antikor.gov.kz.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -