Аппараттық кеңес
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Алайда, бүгін аппараттық кеңесте орталық аурухана директорының берген баяндамасы бойынша жүйеге қатыспайтын адамдардың белгілі бір санаты бар. Сондықтан барлық азаматтардың медициналық қызметтерге, профилактикалық скринингтерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу арқылы олардың әрқайсысының мәртебесін анықтау қажет.
Аппараттық кеңесте қарастырылған өзекті мәселенің бірі алдағы жылу беру маусымына дайындық кезеңі болды. Қазіргі кезде дайындық жұмыстары үш бағытта жүргізіліп жатыр: ЖЭО мен жылу жүйелерін жылу беру маусымына дайындау, тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды жылу беру маусымына дайындау, сондай-ақ кенттер мен қаланың ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысуы.Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік сала, білім беру және денсаулық сақтау нысандарын жылу беру маусымына дайындау қалыпты деңгейде жүргізіліп жатыр.
Барлық дайындық жұмыстары бекітілген жоспар-кестелерге сәйкес 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.
Отырыс соңында жауапты тұлғаларға нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, тиісті тапсырмалар берілді
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -