Қарқаралыда өткен Bugyly Trail жартылай марафонына 150-ден астам әуесқой спортшы қатысты
Қарқаралыда әуесқой спортшылар Bugyly Trail жартылай марафонында өз күшін сынады.
Олар 10 және 21 шақырымды жүгіріп өтті.
Спорттық жарысқа барлық ниет білдірушілер қатысты. Жасөспірімдер он шақырымдық қашықтықты жүгірді, ересек спортшылар 21 шақырымды жүріп өтті.
Қатысушылар арасында жаңадан келгендер де, жүгіру жарыстарының тұрақты қатысушылары да болды.
Санкт-Петербургтен келген жиырма тоғыз жастағы марафоншы Константин Серебряницкий бала кезінен жүгірумен айналысады, Ресей чемпионаттарында және халықаралық кросс-фиттерде бірнеше рет жеңіске жеткен. Спортшы Bugyly Trail-де ересектер арасындағы қашықтықты бірінші болып еңсерді.
– Мен бір апта бұрын Қарқаралыға келдім. Марафон туралы біліп, қатысуға шешім қабылдадым. Міне, мәреге бірінші болып келдім. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, – деді спортшы.
Қарқаралы тұрғыны Ерболат Ашманов жартылай марафонға ерекше ынтамен қатысқанын айтады. 37 жастағы жүгіруші мұндай спорттық іс-шаралар бір көзқараз, бірдей құндылықтары бар адамдарды біріктіретініне сенімді.
– Мен алғаш рет марафонға қатысып, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алдым. Кәсіби спортшылармен бірге 21 шақырым қашықтықты еңсеру мен үшін үлкен мәртебе, – дейді Ерболат Ашманов.
Bugyly Trail Қарқаралыда екінші рет спортшы-ынтагер және жаттықтырушы Думан Бейсенаевтың бастамасымен өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -