Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында домбыра тарихы туралы сыр шертілді
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында "Күмбірле қоңыр домбыра" арт-импровизация арқылы экскурсанттарға домбыраның шығу тегі туралы айтып,
оларға осы ұлттық музыкалық аспапты салуды үйретті.
– Біз жыл сайын Ұлттық домбыра күніне орай түрлі іс-шаралар өткіземіз. Екінші жыл қатарынан арт-импровизация өткізіп келеміз. Біз, әрине, қайталанбай, жаңа және қызықты нәрсе жасауға тырысамыз. Бүгінгі арт-импровизация бірден екі шеберлік сабағын қамтыды, – дейді музейдің ғылыми қызметкері, арт-импровизация кураторы Айгүл Омарова.
Шеберлік сабағының бірінде домбыра сыныбы бойынша педагог, № 1 БММ "Думан-сазы" балалар фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ернат Ұзалин өзінің фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен домбыраның құрылу тарихы, оның құрамдас бөліктері және күйлер құру төңірегіндегі аңыздар туралы айтып берді. Мысалы, олардың бірі қала басшысы Браун әйелінің құрметіне ұйымдастырылған би кешіне Құрманғазыны шақырғанын, сол жерде Құрманғазы "Балбырауын" – Браун балына арналған күй ойлап тауып, ойнағанын айтады.
Сондай-ақ музей жетекшісі Елена Кондратьевадан түрлі көркем материалдармен домбыра салу бойынша шеберлік сабағы өтті.
Шілденің бірінші жексенбісінде Қазақстанда 2018 жылдан бастап Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -