Қарағанды Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күніне қосылады
Қарағанды қаласының Орталық саябағында 12 қазанда қайырымдылық марафоны өтеді. Жарыс Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күніне арналған.
Онкологтардың, маммологтардың және клиникалық психологтардың дәрістері де жоспарланған. Алаңға маммографиялық машиналар орнатылады. Мұнда тегін тексеруден өтіп, дәрігермен кеңесуге болады.
"Біздің миссиямыз – сүт безі қатерлі ісігіне тап болған әйелдердің мәселелерін спорт арқылы жеткізу. Марафон – бұл өмір үшін жүгіру. Бұл күні жетекші мамандардан қажетті ақпарат алуға болады. Достарыңызбен, жақындарыңызбен, туыстарыңызбен келіңіздер", – дейді іс-шараны ұйымдастырушылар – "Өмір сыйла" қайырымдылық қоры.
Марафонға қатысушылар саябақтың орталық сахнасында сағат 11.00-де жаналуы тиіс.
Сүт безі обырына қарсы күрес күні бүкіл әлемде 15 қазанда атап өтіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -