Қарағандыда алғаш рет қазақ тілін үйрену бойынша ересектерге арналған жазғы лагерь ашылды
Биыл алғаш рет "Бәйтерек" демалыс аймағы базасында Қарағандыда ересектерге арналған мәдени-лингвистикалық лагерь ашылды. Оның қатысушыларына мемлекеттік тілді оқыту бойынша тегін курстардың 15 тыңдаушысы қатысты. Сабақтар бес күн бойы өтті.
Жазғы лагерьді ұйымдастырушы – Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы.
– Негізгі мақсат – бес күн ішінде тыңдаушылардың сөйлесу дағдыларын қалыптастыру ғана емес, оларды қазақ халқының мәдениеті және дәстүрлерімен таныстыру. Бұл жоба тіл үйреніп жатқан басқа этникалық топтар өкілдерінің өтініші бойынша келесі жылға жоспарланған, – деп атап өтті тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Әбеуова.
ҚР ІІМ зейнеткері отставкадағы подполковник Лилия Авхадеева – мәдени-лингвистикалық лагерьде қазақ тілін оқыту курстарында алған білімдері мен сөйлеу дағдыларын шыңдағандардың бірі.
– Тіл үйрену лагерінде бес күн бойы қазақ халқының тілі мен мәдениетін зерттедік. Ұлттық тағамдарды дайындадық, пісіру кезінде сөздік қорын толықтырдық. Қазақ тілінде ән шырқадық. Сондай-ақ музыкалық аспаптармен және ұлттық киімдермен таныстық. Тимбилдингте киіз үй жиналып, садақ атылды. Күніміз таңнан кешке дейін жоспарланған. Барлығы өте қызықты және ойластырылған болды. Қазақ тілін оқытудың мұндай форматы жиі пайдаланылып, көп адамдар осындай лагерьге бару мүмкіндігіне ие болғанын қалаймын, – дейді Лилия Авхадеева.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысында алты оқу орталығы және қазақ тілін оқыту бойынша түрлі клубтар жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -