Қарағандыда бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 40 тан астам кәсіпорын жұмыс ұсынды
Қарағандыда кезекті бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Ол Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қабырғасында өтті. Шараны өткізу орны кездейсоқ таңдалмады. Ұйымдастырушылар студенттерге мемлекет тарапынан жастарды қолдау бағдарламалары мен ең қажетті мамандықтар туралы алдын-ала білуге мүмкіндік беру басты идея болғанын айтады.
- Еңбек күніне орай біз бұл жәрмеңкені Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетімен бірлесіп ұйымдастырдық. Студенттер еңбек нарығындағы ұсыныстар, сондай-ақ кәсіби тәжірибе мүмкіндіктері туралы білгісі келеді, - деді Қарағанды облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Нұржан Сыздықов.
Шараға 42 жұмыс беруші қатысып, 800-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.
Бос орындар жәрмеңкесінің тұрақты қатысушылары - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының филиалдары, "Қазпошта", "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" ҚТЖ ҰК АҚ.
- Біздің жастардың қазір қаржылық сауаттылығы жоғары. Көбісі қосымша жұмыс істейді және жинақ жасауға тырысады. Студенттер бізге практикаға келеді, ал кейбіреулері оқуын бітіргенге дейін жұмысқа орналасады, - дейді БЖЗҚ филиалының өкілі Ақмарал Түсіпбекова.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -