Қарағандыда оқушылар арасында облыстық "Қасым оқулары" байқауының жеңімпаздары анықталды
Қарағандыда алғаш рет "Қасым оқулары" облыстық байқауы өтті. Өңірдің барлық қалалары мен аудандарының оқушылары белгілі қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың өлеңдері мен әндерін орындауда, сондай-ақ өз шығармаларын оқуда бақ сынасты.
Байқау 8–11 сынып оқушылары арасында өтті. Ұйымдастырушы "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім берудің өңірлік ғылыми-практикалық орталығы болды.
Финал "Кәусар" Оқушылар сарайында өтті. Оған қалалық және аудандық кезеңдердің 50 жеңімпазы қатысты.
– Біз үшін ең бастысы – оқушылардың Қасым Аманжоловтың поэзиясына деген қызығушылығын арттыру. Олар оның поэтикалық сөзінің толық қуатын түсінуі маңызды, – дейді "Функционалдық сауаттылықты дамыту" зертханасының меңгерушісі Марғұлан Әлім. – Әрине, біз жас ақындарды қолдап, оларды көпшілік алдында көрсетуге мүмкіндік бергіміз келді. Мұндай іс-шараларға қатысу шығармашылық ойлау мен өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектеседі, сонымен қатар әдебиет пен өнерге деген сүйіспеншілікті нығайтады. Біз жыл сайын "Қасым оқулары" байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз.
Үздік оқырмандар мен вокалистер үш номинация бойынша анықталды. Алғашқы орындардың барлығы Қарағанды мектептерінің оқушыларына берілді.
"Өзге емес, өзім айтам өз жайымды…" номинациясында Б. Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Арман Мейрамбай үздік атанды.
"Берейін өмірімнен өлең жасап..." санатында арнайы қазылар алқасы № 61 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Изат Нұрғасырды марапаттады. Сол мектептің тағы бір оқушысы Алина Наурызбай "Өзіммен бірге өлмесін, өлеңім деп..." номанициясында үздік атанды.
Номинациялардың әрқайсысында екінші және үшінші орын алғандар да анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -