Қарағандыда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті
Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу" XXVII сессиясы өтті. Отырыс барысында ҚХА қоғамдық институттарының қызметі, мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырылуы талқыланды. Қатысушылар тәжірибе, идеялар мен ұсыныстарымен бөлісті. Отырыс Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың, ҚР Президенті Әкімшілігі – Қазақстан халқы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевтың төрағалығымен өтті.
Өңір басшысы елдегі бірлікті нығайту мен тұрақтылықты сақтаудағы Ассамблея мүшелерінің маңызды рөлін атап өтті.
– "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" ұлттық құрылтайының үшінші отырысында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы аға буын өкілдерінің бірлікті нығайтудағы ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар, облыстық Ассамблеяның қатарында жас және креативті көшбасшылар бар. Біз еліміздің базалық құндылықтарын нығайту үшін одан әрі жұмыс істеу үшін ақсақалдардың даналығы мен жастардың шығармашылығынан тандем құруымыз керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Сондай-ақ, біздің облыс ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының қызметі өңірден тыс жерлерде де танылғанын атап өткім келеді.
Сессияда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы еріктілерінің ел бірлігін нығайтудағы рөлін "Жастар Ассамблеясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев атап өтті.
– Қарағанды облысының ҚХА жастарының атқарған жұмыстары ерекше құрметке лайық. Қарағанды су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау жөніндегі штабты алғашқылардың бірі болып ашты. Еріктілер жергілікті жерлерде жанқиярлықпен көмектесті. Олардың күшімен су басқан ауылдар мен өңірлерге тонналап гуманитарлық жүк жөнелтілді, – дейді Тимур Жұмырбаев. – Сондай-ақ облыста жылдан жылға "Сарыарқа жастары" дарынды жастарды қолдауға бағытталған өте маңызды жоба жүзеге асырылуда. Оның арқасында жастар бірігіп, тәжірибе, идеялар алмасып, облыстың ең бай мәдени және тарихи мұрасымен таныса алды. Бұл жоба одан әрі қолдау табады деп үміттенеміз.
Сондай-ақ, пленарлық отырыста Ассамблеяның 30 жылдығына дайындық жоспарлары талқыланды.
Атаулы күнге орай Ермағанбет Бөлекпаев Достық үйінің мұражайын жаңғыртуды тапсырды, оған жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелден де қонақтар келеді.
Сессия соңында өңірдегі бірлікті нығайтуға және тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосқан Қарағанды облысының белсенді тұрғындары,
сондай – ақ этножурналистер арасында "Сарыарқа-достық аймағы" ҚХА өңірлік байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -