Қарағандыда шахматтан Senat Оpen жартылай финалы өтуде
86 жастағы Әзірбек Молдағалиев Ұлытау облысынан Қарағандыға Senat Оpen шахмат турнирінің жартылай финалына келді. Ақсақал - өңірлік және республикалық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, 66 жыл бойы шахмат ойнап келеді. Жартылай финал облыс орталығында түрлі жастағы 75 зияткерлік ойын әуесқойларын жинады.
– Іріктеу ойындары кезінде мен барлық қарсыластарды жеңіп, керемет нәтиже көрсеттім. Бүгін де мен жеңіске жетемін деген үміттемін. Мен бұрын шахтада жұмыс істедім, қазір балалар мен жасөспірімдерге шахмат ойнауды үйретемін. Шахмат миды жаттықтырады, адамды жақсы күйде ұстайды деп сенімді айта аламын, – дейді зейнеткер.
Турнирді алғаш рет Қазақстан шахмат федерациясы ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен ұйымдастырды. Қатысушылар - Астанада, Қарағанды облысында және Ұлытау облысында іріктеу турларынан сәтті өткен мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестер мен БАҚ өкілдері, жай шахмат әуесқойлары.
– Турнир шахматты өскелең ұрпақ арасында насихаттауға бағытталған. Ұзақ уақыт бойы бұл ойын әдеттегі спорттан асып түсті, бүгінде шахмат ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді. Қарағанды облысында ол 40 мыңға жуық баланы, жастар мен ересектерді біріктірді. Біз барлығын осы тамаша ойынға қосылуға шақырамыз: ол логикалық ойлауды дамытады және өмірде тез және саналы түрде шешім қабылдауға көмектеседі, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасарылан Ерлан Құсайын құттықтау сөзінде.
Алина Бейсекенова 23 жаста, шахмат ойнымен әуестенгеніне 5 жыл болыпты.
– Мен жартылай финалға Астанадан келдім. Турнир туралы хабарландырудан білдім және күшімді сынап көрейін деп шештім. Мен бұл ойынды өзім үйренсем де, қалалық жарыстарда бірнеше рет жеңіске жеттім. Шахмат – хобби. Ойын маған талдау жасауға көмектеседі, соның арқасында мен өз уақытымды нақты жоспарлай аламын, үлкен көлемдегі ақпаратты ұйымдастыра аламын, стратегиялық ойлана аламын. Барлық ата-аналарға балаларды шахматқа беруге кеңес беремін, – дейді бойжеткен.
Жартылай финалға қатысушылар Рапидтің 9 турынан өтеді, онда "Центр" командасы үшін үздік 25 ойыншы анықталады. Тамыз айының соңында олар елордада өтетін Senat Оpen финалында кубок үшін күреседі. Сондай-ақ, жартылай финалда халық қалаулылары, журналистер, қоғам қайраткерлері, әйелдер мен 60 жастан асқан қатысушылар арасында үздік ойыншылар анықталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -