Қарағандыда әскери бөлімге Мартбек Мамраевтің есімі берілді
52859 әскери бөліміне ҰОС Батыры Мартбек Мамраевтің есімі берілді. Ол тек жауынгерлік ерлігімен ғана емес, ерен еңбегімен де есте қалған. Қарағанды көмір өнеркәсібінің дамуына үлкен үлес қосқан.
– Біздің әскери бөлімге батыр есімін беру – өңірдің барлық әскери қызметшілері мен тұрғындары үшін айтулы оқиға, – деп атап өтті 52859 әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы Рустам Осипов.
Шеру алаңындағы әскери қызметшілер альпинистік жабдықты қолдана отырып дайындықтарын көрсетті. Сондай-ақ арнайы техника көрмесі ұйымдастырылды. Жиналғандар алдында Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері өнер көрсетті.
Мартбектің Мамраевтың қызы Клара әкесі туралы естеліктерімен бөлісті:
– Менің әкем өте патриот жан, еңбекқор, кітап оқығанды ұнататын. Өмір бойы бізге үлгі болды. Мен әкем туралы естеліктерімді ұрпақтарыммен бөлісуге тырысамын. Ол лайықты өмір сүрді. Оның есімі әскери бөлімге берілгеніне ризамыз.
Үлкен атасымен Анель Мамраева да мақтан тұтады. Ол аиасына ұқсағысы келетінін мойындайды.
Мартбек Мамраев 1908 жылы 7 наурызда Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Оның еңбек жолы Қарағанды шахталарымен байланысты.
1942 жылы ол өз еркімен майданға аттанған. 1943 жылы қыркүйекте Днепр өзені бойындағы шайқас кезінде 12-ші атқыштар дивизиясының 32-ші атқыштар полкінің пулеметін басқара отырып, жауынгерлік ерлік жасады. Армия бөлімшелерінің өтуін қамтамасыз ете отырып, ол фашистердің бірнеше шабуылына тойтарыс берді.
Жараланғаннан кейін Қарағандыға оралды. Кеңес Одағының батыры, Ленин, "Құрмет Белгісі" ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1971 жылы оған "Қарағанды қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -