Қарағандыда өтетін еңбек жәрмеңкесінде 40 жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынады
Еңбек күніне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 27 қыркүйекте сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғимаратында (Университетская көшесі, 28) өтеді. Әр түрлі қызмет салаларынан 40-тан астам жұмыс беруші студенттерді өздерінің бос жұмыс орындарымен таныстырады, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.
Жәрмеңкеге Halyk Bank, Asia FerroAlloys, "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" ҚТЖ ҰК АҚ және т. б. компаниялар қатысады.
Мұндай кездесулер жастарды, оқу орындарының түлектерін жұмыс берушінің жұмыс іздеушімен тікелей байланысы арқылы жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
Бүгінгі таңда Қарағанды бойынша enbek.kz электрондық еңбек биржасында 2000-нан астам жұмыс орны бар. Қажетті мамандықтар: бухгалтерлер, заңгерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, дәнекерлеушілер, электриктер, жүргізушілер және т. б ұсынылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -