Қарағандыдағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 500 тоннадан астам өнім ұсынылады
Қарағандылықтарды 2 қараша күні кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады.Онда облыс аудандарының өндірушілері өнімдерін ұсынады. Саудаға 500 тоннадан астам ет, балық, сүт өнімдері мен көкөністер дайындалды. Сондай-ақ, жұмыртқа, бал, шұжықтар, қолөнер бұйымдарын және т. б. сатып алуға болады.
Басталуы 09:00.
Жәрмеңке Global city СОО аумағында 134-ші есептік тоқсан, 921-ғимарат мекенжайы бойынша өтеді.
Жәрмеңкеге келесі автобустармен жетуге болады: 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -