Қарағандылық боксшылар оқушылар арасындағы Азия чемпионатында алты медаль жеңіп алды
Қазақстандықтар Абу-Дабиде (БАӘ) оқушылар арасындағы бокстан Азия чемпионатында медальдық есепте жеңіске жетті. Әр түрлі жас санаттарындағы жас спортшылар 26 марапатқа ие болды: 12 алтын, жеті күміс және қола.
Екінші орында Үндістан құрамасы (8-5-9), үшінші орында – арнайы шақыру бойынша Азия біріншілігіне қатысқан Украина командасы (5-10-9).
Қазақстан құрамасында Қарағанды облысының алты өкілі өнер көрсетті. Олар төрт алтын және екі қола медаль жеңіп алды.
Азия чемпиондары атанғандар:
- Аяулым Оспанова – 61 кг с/д, жасөспірімдер арасында (бокстан ОРОМБЖСМ);
- Төрехан Қанатбай – 64 кг, с/д жасөспірімдер арасында (Теміртау ОМБЖСМ);
- Тимур Тайбеков – жасөспірімдер арасында 75 келі (бокстан ОМБЖСМ);
– Алина Құдайгенова – 63 кг с/д, жасөспірімдер арасында (Ә. Молдағұлова атындағы ОРОМИК).
Қола жүлдегерлер:
- Камила Оспанова – 70 кг с/д, жасөспірімдер арасында (бокстан ОРОМБЖСМ);
- Айдана Убайдуллақызы – 80 кг с/д, жасөспірімдер арасында (Ә. Молдағұлова атындағы ОРОМИК).
Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -