Қарағандылық музыканттар Қазақстан олимпиада құрамасын қолдау мақсатында "Намыс" күйін шығарды
Қарағандылық Sardar дуэті Қазақстан олимпиадалық құрамасына "Намыс" күйін арнады. Шығарманың авторлары — жас композиторлар Жәнібек Қазбекұлы мен Бексұлтан Имашев.
Музыканттар шамамен бір жыл бұрын Sardar дуэтін құрып, № 2 қалалық музыка мектебінде балаларға сабақ беру арқылы домбыраны белсенді түрде насихаттап келеді. Сондай-ақ, домбырашылар Қаракат Әбілдинаның студия мектебінде сабақ береді.
— "Намыс" күйі біздің олимпиадашыларға арналған. Оны жазуға бізді Елдос Сметов пен Нұрбек Оралбай шабыттандырды. Күй тез қарқынмен орындалады және қазақ батырларының бейнесін сипаттайды. Біздің шығармамызды тыңдай отырып, жастар атақты спортшылардың жетістіктеріне ұмтылады деп үміттенеміз, — дейді Жәнібек Қазбекұлы.
Музыканттар өздерінің алғашқы бірлескен туындыларына авторлық құқықты тіркеді. "Намыс" күйі жақын арада әлеуметтік желілерде және ресми музыкалық чарттарда пайда болады.
Жақында Композиторлар "Қарақат" музыкалық мектеп-студиясының 12 тәрбиеленушісімен бірге Италияға фестивальге ұшады. Жәнібек пен Бексұлтан өз күйлерін фестиваль көрермендеріне ұсынбақшы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -