Қарағандылық оқушы математикадан халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері атанды
"Мұрагер" Қарағанды мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оныншы сынып оқушысы Бейбарыс Жеңісбек Саха Республикасындағы (Якутия) "Түймаада" ХХХІ халықаралық олимпиадасында үшінші орын иеленді. Зияткерлік байқау математика, физика, химия және информатика пәндерінен өтті.
– Мен алғаш рет математикадан халықаралық олимпиадаға қатыстым. Жарыс екі турдан тұрды. Жетекшім – математика пәнінің мұғалімі Ләззат Итжанова. Болашақта әлі көп олимпиадаларға қатысуды жоспарлап отырмын, – дейді Бейбарыс.
Математика, физика, химия және информатика пәндерінен" Туймаада " халықаралық олимпиадасы 1993 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -