Қарағандылық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының төрт дүркін жүлдегері атанды
Қарағанды облысының Ағадыр кентінің спортшысы Аңсаған Қожанәсіп V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында төрт медаль жеңіп алды.
Соңғыларының бірі овари (Батыс Африка халықтарының интеллектуалды-стратегиялық ойыны) ойынында жеңіп алған қола медаль болды. Осы спорт түрінен командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.
Күміс пен алтынды Аңсаған Қожанәсіп тоғызқұмалақта жеңіп алып, екі рет овариде (Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны) жүлдегер атанды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан 115 медаль жеңіп алып, бірінші жалпы командалық орынға ие болды. Оның 44-і алтын, 34-і күміс және 37-сі қола жүлделер. Екінші орында Қырғызстан құрамасы, үшінші орында Өзбекстан құрамасы тұр.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -