Қарағандылық таэквондистер Азия чемпионатынан 39 медальмен оралды
Қарағанды ИТФ (I. T. F.) таэквондо федерациясының спортшылары Азия чемпионатының құрмет тұғырына 39 рет көтерілді.
ITF таэквондодан оныншы Азия чемпионаты Үндістанда өтті (Бангалор). 15 елден 800-ден астам спортшы қатысты. Әр түрлі жас топтары жарияланды: жасөспірімдер, ересектер және ардагерлер. Қазақстан 32 алтын, 39 күміс және 42 қола медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Ұлттық құрама Солтүстік Кореяға сәл есе жіберіп, екінші орын алды. Медальдардың басым бөлігін Қарағанды облысының спортшылары жеңіп алды.
– Біздің облыстан чемпионатқа 17 адам барды. Олар ұзақ уақыт дайындалды – жаз бойы жаттықты. Біздің спортшыларымыз 11 алтын, 15 күміс және 13 қола жүлделе иеленді. Бұл керемет нәтиже. Біз әрқашан Азияда Солтүстік Корея спортшыларымен бәсекелесеміз, бірақ олар осы спорт түрінің негізін қалаушылар. Бірақ біз оларды жеңуге тырысамыз. Қазір Қазақстан таэквондодағы топ-5-ке кіреді. Бұл көп жылғы қажырлы еңбектің, мықты жаттықтырушылар құрамының және жақсы ынталы спортшылардың есебінен ғана, – деп есептейді қарағандылықтардың жаттықтырушысы Николай Алексюк.
Альбина мен Медина Дәуленовалар үшін бұл алғашқы жарыс және алғашқы жеңіс емес.
– Мен үшін әр жолы, бірінші рет сияқты. Қатты уайымдаймын және олардың қалай өнер көрсететініне алаңдаймын. Мен олардың медаль иегері болғанын білгенде, әрине, қуандым, Жыладым. Оларды спортқа менің үлкен қызым Нина әкелді. Ол өзі де айналысқан. Қыздар таэквондоны өте жақсы көреді, оған көп уақыт бөледі. Бұл оқуға кедергі болмайды. Әкесі екеуміз оларды барлық жағынан қолдаймыз, – дейді спортшылардың анасы Раушан Жүнісова.
Алда қарағандылық таэквондошыларды қараша айында Ташкентте өтетін Әлем Кубогы күтіп тұр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -