Қарағандылықтар джиу-джитсудан әлем чемпионатында он медаль жеңіп алды
Қарағандылық спортшылар джиу-джитсудан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап шықты. Біздің жауынгерлердің есебінде 10 медаль бар.
Турнир Ираклионда (Греция) өтті. Бәсекелестік өте жоғары болды. 69 елден 970-тен астам спортшы өздерінің дағдылары мен шеберліктерін көрсетуге жиналды.
Ел намысын қорғау үшін Қарағанды облысынан әлем чемпионатына 12 джитсер аттанды. Олар 10 медаль жеңіп алды.
Асанәлі Абаев (newaza system), Аяна Амзе (contact system) және Шахноза Тәжиева (contact system) жеңімпаз атанды.
Күміс жүлдеге Ернар Мырзабеков (newaza system), Варвара Шкуропат (newaza system), Жандос Қуанышбеков (nogi) ие болды. Қола жүлдеге Жігер Алматай (newaza system), Асылмұрат Сағындық (newaza system), Олжас Нұртақанов (nogi), Ажар Салықова (No-gi) ие болды.
Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -