Қарағандылықтар Халықаралық йога күнін мерекелеуге қосылды
Қарағанды орталық саябағында Халықаралық йога күні атап өтілді.
Жексенбіде аптап ыстыққа қарамастан, барлық елдер үшін бірыңғай йога хаттамасының асаналарын орындауға 360-тан астам келді.
Мерекені дәстүрлі түрде қазақстандық йога академиясы ұйымдастырды.
– Осы жылы біз Халықаралық йога күнін 10-шы рет атап өтеміз. Биылғы жаңалық – балалар мен ата-аналардың бірлескен қойылымы. Бұл жыл бірлікке арналған. Осы шара апқылы біз ортақ іс ата-аналар мен балаларды біріктіретінін көрсетеміз, – дейді қазақстандық йога академиясының нұсқаушысы Олеся Бойченко.
Мерекеге алдын ала тіркелгендер футболкалар алды.
Ұйымдастырушылар демеушілердің көмегімен барлық қатысушыларды тегін сумен қамтамасыз етті.
Йога хаттамасының жаттығулары барлығына қол жетімді болды. Оларды кіші және аға буын орындады.
Негізгі бағдарламадан кейін Академия оқушыларының көрсетілімдері басталды.
Әдеттегідей, барлық көрермендерді сәбилерімен келген аналар таң қалдырды.
Мереке вегетариандық тәттілермен аяқталды.
Биыл Халықаралық йога күнін Қазақстанның 30 қаласы атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -