Қарағандылықтар сүт безі қатерлі ісігіне қарсы тегін тексеруден өтті
Қарағандыда сүт безі обырына қарсы күрес күніне арналған қайырымдылық акциясы аясында 35 әйел тегін медициналық тексеруден өтті.
Өткен сенбіде, 12 қазанда Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Қатерлі ісікке қарсымыз: әйелдердың денсаулығын қорғау үшін күш-жігерді біріктіру" қайырымдылық акциясы өтті. Оны "Өмір сыйла" қайырымдылық қоғамдық қоры мен "Мосты" халықаралық қоғамдық даму орталығы ұйымдастырды.
Сондай-ақ, саябақ көлінің жанында қайырымдылық жарысы өтті, ал басты сахнада онкологиялық дәрігерлер, маммологтар мен психологтар дәріс оқыды.
Сахнаның жанында жылжымалы пункт орнатылды, онда тексеруден өтіп, маммологтың кеңесін алуға болды.
"Барлығы 35 әйел тексеруден өтті. Олардың бесеуінде сүт безі қатерлі ісігіне күдік бар. Олар одан әрі тексеруге жіберілді", – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
19 қазанда маммологтан тегін кеңес алуға болады. Бұл күні Аманжолов көшесі, 189 мекенжайындағы № 3 көпсалалы ауруханада ашық есік күні өтеді. Қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін диспансерлік бөлімшеде.
Қазіргі медициналық мәліметтерге сәйкес, сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау 80% жағдайда толық қалпына келу мүмкіндігін арттырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -