Қарағандылықтарды қазақтың дәстүрлі ән кешіне шақырады
Кеншілер мәдениет сарайында 11 қарашада "Атадан қалған асыл ән" атты дәстүрлі қазақ әндерінің кеші өтеді. Кіру тегін.
Белгілі қазақ әншілері мен композиторлары – Балуан Шолақ, Біржан-сал және Сыдық Мұхамеджановтың шығармалары орындалады.
Концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәуренбек Әміркенов, "Құрмет" орденінің иегері Сержан Мұсайын, халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлмира Тапай, республикалық байқаулардың лауреаттары Құрмаш Ыбышев, Ержан Базарбеков, Медет Осатаев және басқалар өнер көрсетеді.
Басталуы 18:30.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -