Қарағандылықтарды Федоров су қоймасының жағасын тазартуға шақырады
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 28 қыркүйекте кезекті сенбілік ұйымдастырады. Бұл жолы еріктілерді Федоров су қоймасының жағасын тазартуға шақырады.
"Сіздерді Федоров су қоймасының ескі жағажайында, РГТО зауытына қарама-қарсы аумақта өтетін сенбілікке қатысуға шақырамыз. Бұл біздің сүйікті қаланы таза әрі әдемі етіп қана қоймай, пікірлес адамдармен бірге уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік. Сіздің қолдауыңыз бен жақсы көңіл-күйіңіз өте қажет", – дейді Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.
Барлық қатысушылар қолғаппен және қоқыс жинайтын қаптармен қамтамасыз етіледі. Белсенділер сыйлықтар алады. Тазалық шарасының соңында пикник ұйымдастырылады.
Жиналу орны – каскадты субұрқақтың жанындағы паркинг (Бұқар жырау даңғылы, 47).
Автобустың жөнелу уақыты сағат 09:30-да.
Сенбілік "Бөл, тапсыр, қайта өңде!” жобасының аясында өтеді.
Қосымша ақпарат: +7-705-875-06-53 (Әлия).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -