Қарағандылық жасөспірімдерді ерте бастан еңбекке үйрете бастайды
Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында 15 қыркүйектен бастап "Шеге мен балға" шеберханасы өз жұмысын қайта бастайды. Тегін сабақтарда ұлдарға құрал-саймандармен жұмыс істеуге, шеге қағуға және басқа да үй шаруасымен айналысуға үйретеді.
"10–14 жас аралығындағы ұлдар үшін жазғы демалыстан кейін "Шеге мен балға" шеберханасы ұйымдастырылды. Владимир Маторин өткізетін сабақтарда балғамен дұрыс жұмыс істеуді және қолөнерді үйренуге болады", – дейді кітапханада.
Шеберханадағы сабақтар әр жексенбі сайын сағат 12.00-ден басталады.
Абай атындағы балалар кітапханасы Бұқар жырау даңғылы, 30 мекен-жайында орналасқан.
Анықтама телефондары: 41-23-25, 8-705-979-75-39.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -