Қарағандылық жастар гандболдан Ұлттық мектеп лигасында жеңіске жетті
Қарағандылықтар Астанада 7–8 сынып оқушылары арасында гандболдан Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде 1-ші орынды иеленді. Жарысқа 12 команда қатысты.
Қарағанды облысының атынан дене шынықтыру мұғалімдері Татьяна Кошкина мен Руслан Девяткиннің жетекшілігімен № 32 ЖББМ құрама командасы қатысты.
– Біздің команда үш сегізінші және алты жетінші сынып оқушыларынан құралған. Барлық балалар Пришахтинск БЖСМ-де айналысады. Оларды спорт мектебінде Надежда Сударикова жаттықтырады. Матчтар өте қиын және ауыр болды, әсіресе Павлодар және Жамбыл облыстарының командаларымен. Бірақ біздің балалар бірде-бір матчта ұтылмай, шеберлік пен ерік-жігердің арқасында жеңіске жетті. Команда ел чемпионы атанды, – дейді Татьяна Кошкина.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -