Қарағандының орталық стадионында салауатты өмір салтын ұстануға арналған акция өтті
"Шахтер" стадионында "Қарағанды - есірткісіз қала" кең ауқымды акциясы өтті. Шараға "Жасыл ел" жасағының еріктілерінен құралған 400 адам қатысты. Олар жерлестерге салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ, интернет-алаяқтық мәселесіне назар аударды.
Акцияға қатысушылар алдында Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин мен қаланың Жастар ресурстық орталығының директоры Якуб Жамалов құттықтау сөз сөйледі.
Стадионда ЖҚАЖ жауынгерлері қойылым жаттығуларын ұйымдастырды. Жастар викториналар мен байқауларға қатысты. Сондай-ақ, жасөспірімдер клубтарының командалары арасында футбол матчы өтті.
Акция соңында қатысушылар аспанға батпырауық жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев есірткіге қарсы күресті жандандыру қажеттігін атап өткен болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -