Қарағандының су тасқынымен күресу тәжірибесін басқа өңірлер қабылдауда
Қарағанды облысында су айдындарын "Қарағанды су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бақылайды. Бұл су тасқынына қарсы күресте де нәтиже береді. Үкімет басшысы басқа өңірлерде осындай кәсіпорындар құруды тапсырды.
Енді қарағандылықтар өз тәжірибелерімен бөлісуде. Басқа облыстардан келген мамандардың қатысуымен республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
- Бізге көптеген облыстардан көмек сұрап, осындай кәсіпорынның ашылу жолдарын айтып беруімізді сұрады. Бұл кездесудің маңызы зор. Су ресурстары – ең үлкен байлықтың бірі. Біз су қоймаларын қорғау мәселелерін талқылап, кәсіпорнымыздың жұмысы туралы әңгімелеу үшін жиналдық, - дейді "Қарағанды су қоймалары" КМК директоры Мира Махатчина. – Кәсіпорын 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Оның балансында 60-тан астам су қоймасы бар. Біз ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргіземіз, сондай-ақ жобалық құжаттаманы дайындаймыз, зерттеумен айналысамыз.
Кәсіпорын мамандары ардагер гидротехниктермен кеңеседі.
Дөңгелек үстелде қонақтар өз сұрақтарына жауап ала алды. Содан кейін оларға техника мен жабдық көрсетілді.
- Біз өзімізге көптеген пайдалы нәрселер алдық. Мұнда техникалық жағынан да, мамандар штатында да қажеттінің бәрі бар екенін көріп отырмыз. Жұмыс жақсы реттеліп, жолға қойылған. Біз осындай кәсіпорын ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Қарағандылық әріптестермен байланыста боламыз, - деді Қостанай облысының өкілі Бағлан Сабыров.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -