Қарағандының жаңа инсульт орталығында 400 науқасқа көмек көрсетілді
Осы жылдың басында Қарағандыдағы "Ақжан" клиникасында үшінші деңгейдегі инсульт орталығы жұмыс істей бастады. Мұнда МӘМС жүйесі аясында облыс тұрғындарына шұғыл көмек көрсетіледі.
Орталықта пациенттер қажетті емнің толық кешенін алады: нейрохирургиялық операциялар, тромболитикалық терапия және инсульттан кейінгі нейрооңалту. Заманауи технологиялар күрделі операциялардан кейін асқыну қаупін азайтуға және қалпына келтіруді тездетуге мүмкіндік береді.
Инсульт орталығының жұмысы барысында 400-ден астам пациент емделді, оның ішінде 7 адамға ми қан тамырларының аневризмасы жарылуына байланысты операция жасалды, 27 науқасқа инсульт кезінде ұйқы және омыртқа артерияларын стенттеу, 36 ми артерияларынан тромбэкстракция, геморрагиялық инсульт кезінде 20 трепанация жүргізілді.
Елу бес жастағы автобус жүргізушісі осы жылдың 20 маусымында таңертең жұмыста өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оны Абай ауруханасына жеткізіп, сол жерден реаниматологтың қарауынан кейін ол "Ақжан" клиникасының инсульт орталығына жіберілгее. Қабылдау кезінде науқасқа мидың КТ жасалды, оның нәтижелері қан кетуді, оның көлемі мен орналасуын анықтауға мүмкіндік берді.
– Сол күні науқасқа миға операция жасалды және инфаркттың интрацеребральды ошақтары, көлемі 30 мл-ден асатын интрацеребральды гематомалар алынып тасталды. Операция өте күрделі, ұзақ және мұқияттылықты қажет етеді, өйткені гематомалар мидың өмірлік маңызды орталықтарының жанында орналасқан. Операция бірнеше сағатқа созылды және жақсы нәтижемен аяқталды, – дейді клиниканың инсульт орталығының бөлім меңгерушісі Иван Туркевич.
Операциядан кейінгі кезең жақсы өтті, қазір ер адам екінші оңалту емін алып жатыр.
– Мен өзімді жақсы сезінемін, өзім қозғаламын және белсенділігім арта бастады. Күнделікті тыныс алу жаттығулары, массаж, логопедпен сабақтар өткізілді. Сөйлеуім біртіндеп қалпына келуде, – деді науқас.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -