Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
10 қазан 2024 жыл
2024 жылдың 2 желтоқсан сағат 15.00-де, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы Ә.Бөкейхан көшесі мекенжайы бойынша орналасқан Ақтоғай ауданы әкімдігінің кіші акт залында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2024 жылдың 11 қарашасынан 2024 жылдың 29 қарашасына сағат 18.30-ге дейін, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы Ә.Бөкейхан көшесі 10Г (2 қабат, «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан ММ-де жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;4) конкурстық ұсыныс;5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.
Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:
№ п/п
Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округ маңайы, жер учаскесінің лот №
Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандауы
Жалпы ауданы, га жалға беру мерзімі, жылы
Алқаптардың құрамы, оның ішінде
Орташа балл бонитеті
Сумен қамтамасыз етілуі
Өзгеде
Егістік
Шабындық
Жайылымдық
Басқа алқаптар
1
Қарабұлақ ауылдық округі лот №50
Мал
шаруашылығы
27,0000
12 жыл
27,0000
14
Қамтамасыз етілмеген
2
Жер қоры лот №51
Мал
шаруашылығы
4000,0000
12 жыл
3995,0000
5,0000
5
Қамтамасыз етілмеген
3
Қусақ ауылдық округі лот №52
Мал
шаруашылығы
467,9298
12 жыл
75,0000
392,4298
0,50000
15
Қамтамасыз етілмеген
4
Қусақ ауылдық
округі лот №53
Мал
шаруашылығы
1450,0000
12 жыл
200,0000
1244,0000
6,0000
14
Қамтамасыз етілмеген
5
Қусақ ауылдық округі лот №54
Мал
шаруашылығы
1503,9741
12 жыл
1197,0000
6,9741
9
Қамтамасыз етілмеген
6
Шабанбай би ауылдық округі лот №55
Мал
шаруашылығы
849,0000
12 жыл
200,0000
643,0000
6,0000
9
Қамтамасыз етілмеген
7
Жер қоры лот №57
Мал
шаруашылығы
2000,0000
12 жыл
1998,8000
1,2000
2
Қамтамасыз етілмеген
8
Айыртас ауылдық округі лот №58
Мал
шаруашылығы
690,5000
12 жыл
686,0000
4,5000
13
Қамтамасыз етілмеген
9
Жер қоры лот №61
Мал
шаруашылығы
909,8055
12 жыл
907,6055
2,2000
2
Қамтамасыз етілмеген
10
Қусак ауылдық округі лот №65
Мал
шаруашылығы
1200,0000
12 жыл
1100,000
97,0000
3,0000
11
Қамтамасыз етілмеген
Конкурсты ұсыныста:
1)бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс
2)шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қантардағы № 7 бұйрығымен (нормативтивтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19893 болып тіркелген) бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс 2024 жылдың 2 желтоқсан сағат 15.00-ге дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсанындағы № 518 бұйрығымен бекітілген «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидағы және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 43, 43-1, 48 бабының талаптарына сәйкес өткізіледі.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылы Ә.Бөкейхан көшесі 10Г ( 2 қабат, «Ақтоғай ауданының жер қатынастары , сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ) мекенжайында орналасқан, «Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8710-37-2-12-92; 2-13-83, электронды мекенжайы _aktogai_zher23@mail.ru.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -