Қарағанды облысы бойынша жедел ақпарат
Бүгін сағат 08.00-де облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өңірдегі жағдайға байланысты жедел штаб өткізді. Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, қатты желдің салдарынан кейбір аудандарда шатырлар ұшып, электр сымдары үзілген.
6–7 қараша күндері Қарағанды облысында 20 м/с-тан асатын қатты желдің екпінінен 8 үйдің шатыры ұшқан.
Зардап шеккендер жоқ; барлық жағдайларға комиссиялық сараптама жүргізіледі.
Ауа райының бұзылып, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткендіктен Қарағанды облысының кейбір елді мекендерінде электр қуатының үзілуі тіркелуде.
Қазір арнайы бригадалар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Ажыратылған электр желілерінің басым бөлігі жөнделді.
Өңірдегі тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде. Жиында қала аудан әкімдері барлығы қалпына келтірілетінін хабарлады. Электрмен жабдықтау жағдайы қазір қатаң бақылауда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -