Қарағанды облысы әкімінің қабылдауында өңір тұрғындары ТКШ сұрақтарымен жүгінді
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Келушілер тек жеке жағдайларын ортаға салып қана қоймай, ТКШ және медициналық оңалту саласындағы проблемалармен де жүгінді.
Атап айтқанда, Шахан ауылындағы жылумен жабдықтау жағдайы талқыланды. Орталық қазандық тұрақты жұмыс істейді, жылу көзінен 114 көп қабатты үй мен әлеуметтік нысандар жылытылады. Температуралық кесте қалыпты. Бірақ орталық жылу пункттерін салу қажет. Бұл жеке секторды жылуға қосуға мүмкіндік береді.
Жоба әзірленген, бірақ республикалық бюджеттен қаржыландыру әлі мақұлданған жоқ. Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бюджеттік өтінім энергетика министрлігінің қарауында жатқанын хабарлады.
Ермағанбет Бөлекпаев өңір басшылығы жағдайды тұрғындардың пайдасына шешуге мүдделі екенін және бұл мәселемен айналысатынын айтты.
Қарағандылық Бикеш Сатымбаева қабылдауға Г.Потанин көшесінің тұрғындары атынан келді. Оларды иесіз қалған су құбырлары мен кәріз желілерінің тағдыры алаңдатады. Қала әкімі Мейрам Қожухов жақын арада оларды балансқа алу керектігін баяндады. Содан кейін коммуникациялардың жай-күйін тексеру қажет. Жол астындағы құбырларды жөндеу қажет болуы мүмкін, сондықтан тұрғындар сұрап отырған көшені асфальттау әзірге кейінге қалдырылуда. Бұдан басқа, тұрғындар қоқыс жинау мәселесіне назар аударуды сұрады.
Ермағанбет Бөлекпаев аудан әкіміне тұрғындармен жиын өткізіп, осы мәселелердің қалай шешілетінін түсіндіруді тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімінің жеке қабылдауында мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту мәселесі көтерілді. Абай қаласының тұрғыны Қарлығаш Жұмағалиева Қарқаралыдағы оңалту орталығынан байланысқа шықты. Ол дәрігерлердің көмегіне мұқтаж адамдар бір жыл ішінде осындай курстардан екі рет өтуін ұсынады. Ермағанбет Бөлекпаев оңалту орталығының жұмысы сол жерде зерттелуі үшін Қарқаралыға жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысын жіберді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -