Қарағанды облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды
Айжан Казимирқызы Қиясова Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Адам құқықтары және Заң Үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспары туралы" № 409 Жарлығына сәйкес Қарағанды облысы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Айжан Қиясова 1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген, тұрмыста, үш баланың анасы.
1998 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген. Қазір Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ҚХА кафедрасының "этнополитология" мамандығы бойынша магистранты.
Айжан Қиясова гендерлік теңдік мәселелері бойынша тәжірибесі бар азаматтық, бизнес-қоғамдастықтың белсенді өкілі болып табылады. Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы және Қарағанды қаласы әкімдерінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары.
2024 жылдың наурыз айынан бастап Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Кәсіпкерліктегі жұмыс тәжірибесі 2008 жылдан басталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -