Қарағанды облысы мен Ұлытау облысынан 700-ге жуық әскери міндеттілер "Сары-Шаған" полигонында оқудан өтеді
"Астана" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің базасында Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының әскери міндеттілері қайта даярлаудан өтеді. Олар қызмет атқарып жатқан әскери қызметшілермен бірдей заттай мүлікпен, тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі.
Әскери жиындардан өту кезеңінде жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға орташа жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге мемлекет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.
– Жиындарда біз мерзімді қызмет кезінде алған дағдыларымызды еске алып, бекітуіміз керек, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерімен таныса аламыз, – деп атап өтті Шахтинск қаласынан шақырылған әскери міндетті Сүндет Амандықов.
Әскери жиындардың басты мақсаты – еліміздің Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру, әскери-оқытылған резервті жинақтау, тапшы әскери мамандықтар бойынша даярлау.
Бір ай ішінде артиллериялық бөлімшелердің мамандарын қайта даярлау өтеді. Болашақта запастан шақырылған әскери міндеттілер бөлімшелер, взводтар мен роталар құрамында бірігуден өтеді. Бұл жиындар қажет, өйткені Қазақстан армиясының техникасы айтарлықтай жаңарды және тиімді бола түсті.
Әскери міндеттілерді жинау осы жылдың тамыз айының соңына дейін жалғасады.
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -