Қарағанды облысында 10 жайлы мектеп салынуда
Қарағанды облысында "Жайлы мектептер" ұлттық жобасы бойынша 18 нысан жоспарланған. Қазір он құрылыс жүргізілуде. Олар қалалар мен аудандардағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағандыдағы жұмыстардың барысын тексерді.
Көгілдір тоғандар шағын ауданында 1200 орындық жайлы мектеп,
Кендала шағын ауданында – екі мың орындық мектеп салынуда.
Гүлдерде салыатын жаңа оқу орны 300 орынға есептелген. Оқу ордасы ашылғаннан кейін көршілес орналасқан Ы. Алтынсарин атындағя мектеп-лицейдегі жүктеме төмендейді.
Құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде. Материалдарға қатысты проблемалар жоқ. Отандық тауар өндірушілердің өнімдері пайдаланылуда.
Жайлы мектептерде қарағандылық өнімдер де бар: бетон, арматура, еден плиталары, оқшаулау және т. б.
Сонымен қатар жиһаз, оқу жабдықтарын сатып алу жүріп жатыр. Барлығы ең заманауи болуы тиіс. Әр мектепте STEM-зертханалар, робототехника кабинеттері, спорт және тренажер залдары, коворкингтер жабдықталады. Мүгедектігі бар балалар үшін кедергісіз орта құрылуы тиіс.
Қалада да, ауылда да жайлы мектептер бірыңғай стандарттар бойынша салынуда. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары жеке кіреберісі бар мектеп ғимаратының әртүрлі блоктарында оқиды.
Ермағанбет Бөлекпаев жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Жұмыстың сапасын бақылау қажет және жұмыс күшінің жетіспеушілігіне жол берілмеуі тиіс.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -