Қарағанды облысында 12 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекеттік меншікке қайтарылды
Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында ұзақ уақыт бойы жалпы ауданы 12 049 га болатын 15 жер учаскесі пайдаланылмаған.
ҚР Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, ведомство компанияға ҚР Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жою туралы нұсқама берген.
Нұсқаманың орындалмауына байланысты сотқа учаскелерді мәжбүрлеп алып қою туралы талап қойылды. Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 3 шілдедегі шешімімен Департаменттің талап арызы қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -