Қарағанды облысында 27 ауылда жаңа медициналық нысан құрылысы жүріп жатыр
Қарағанды облысында "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бойынша 92 нысан жоспарланған. Оның 14-і өткен жылы берілді. Биыл тағы үш аудан: Қарқаралы, Шет және Бұқар Жырауда 27 нысанның құрылысы басталды.
Ұлттық жобаны іске асыру туралы аппараттық кеңесте денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова баяндады.
– "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы бірнеше міндет қояды. Біріншісі – ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдара отырып қамтамасыз ету. Қарағанды облысында 92 нысан салынады: 47 медициналық пункт, 34 ФАП және 11 дәрігерлік амбулатория. Өткен жылы 14 қолданысқа енгізілді. Биыл жоба жалғасуда. Қазір 27 ауылда құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүргізілуде. 51 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жарияланды, – деді спикер.
Екінші міндет – ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетудің уақтылығын арттыру. Ол үшін Теміртау мен Балқашта мамандандырылған орталықтары бар ауданаралық ауруханалар ашылады. Теміртауда жоба биыл іске асырылуы тиіс. Қазір ангиографқа арналған қосымша үй-жай салынуда. Балқашта жаңғырту жұмыстарын аяқтау келесі жылға жоспарланған.
Үшінші міндет – кадр мәселесін шешу. Медициналық мамандарды ауылдық жерлерге тарту үшін Қарағанды облысында көтерме жәрдемақы көлемі ұлғайтылды. Сондай-ақ қызметтік тұрғын үй бөлінеді. Бибігүл Төлегенованың айтуынша, Теміртауда аса тапшы мамандықтар бойынша дәрігерлер үшін 35 пәтер беріледі. Балқашта дәрігерлер үйі ретінде бір ғимаратты қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ұлттық жобаны уақтылы іске асыру жөнінде тапсырма берді. Ауыл әкімдері өз аумағында салынып жатқан нысандардың сапасын бақылауға тиіс, деп атап өтті өңір басшысы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -