Қарағанды облысында "Қарызсыз қоғам" жобасы негізінде 5000-ға жуық адам білім алды
Қаржыны тиімді басқару, өз шығындарын оңтайландыру және борыштан құтылуды Amanat партиясының бастамасымен "Қарызсыз қоғам" жобасы бойынша оқуға болады. Қарағанды облысында оған 5000-ға жуық адам қатысты. Жыл соңына дейін тағы бірнеше оқу ағындары жоспарлануда. Ең алдымен, олар несиеге қатысты проблемалары бар адамдарға көмектесуге тырысады.
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаның маңыздылығын атап өтіп, ресми тәсілдерге жол бермеуге шақырды.
– Өте маңызды сұрақ. Қалалар мен аудандарда өткізетін кездесулерде тұрғындар қарыздар, тұтынушылық несиелер бойынша жүгінеді. Жергілікті жерлерде байыпты жұмыс істеу керек. Қоғам мен қаржыгерлердің белсенді ұстанымы қажет. Ешқандай формализм болмауы керек! – деді аймақ басшысы аппараттық кеңесте.
Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская жоба басталғаннан бері 16 ағын өтіп, 4 677 адам оқытылғанын баяндады. Оның айтуынша, білім алушылардың 70%-ы несиелер мен оларды өтеуде қиындықтары бар азаматтар.
– Жыл соңына дейін барлық қалалар мен аудандарда кесте жасалды. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қосқанда барлығы 9470 адамды оқыту, қаржылық сауаттылық бойынша ІТ-білім беру платформасын іске қосу жоспарлануда, – деп хабарлады Ирина Любарская.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жобаны іске асыру бойынша жұмыс тобы құрылды, оған қаржы сарапшылары мен заңгерлер кіреді. Олар несие тарихын зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету үшін практикалық кеңестер береді. Әр түрлі мәселелер бойынша тегін кеңес алуға болады.
Оқуға Qogamfin.kz сайтында немесе тұрғылықты жері бойынша Amanat партиясының филиалдарында жазылуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -