Қарағанды облысында дәрі-дәрімектерді таңбалау қарқынды
Қарағанды облысында 464 дәріхана жұмыс істейді. 1 шілдеде басталған дәрі-дәрмектерді міндетті таңбалауға дайындық ерте басталған. Нәтижесінде жүйе қазір іске қосылды және жақын арада желіні толығымен қамтуы керек.
– Бүгінгі таңда облыста дәрілік заттардың екі отандық өндірушісі-Қарағанды фармацевтикалық кешені және «Фармация 2010» ЖШС жұмыс істейді. 7 дәріхана қоймасы мен 464 дәріхана бар. Жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау бойынша барынша жәрдем көрсетеді. Барлық мәселені қысқа мерзім ішінде шешуді жоспарлап отырмыз, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын.
Цифрлық таңбалау дәрілік препараттың өндірушіден бастап тұтынушыға дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік береді, деп атап өтті Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік департамент басшысы Ольга Смирнова.
1 шілдеден бастап әр дәрі-дәрмектің қаптамасында бірегей сандық код басып шығарылады. Онда өндіруші, препараттың шығарылған күні және т.б. ақпарат беріледі. Дәрі-дәрмек айналымын бақылау жеңіл болады.
– Ең бастысы-сапа мен қауіпсіздік. Жүйе біздің нарыққа сапасыз дәрі-дәрмектердің, контрафактілік өнімдердің түспеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бұл әрбір препаратқа сұранысты білуге, қорды бағалауға және тиісінше дәрілік заттардың қажеттілігін есептеуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ольга Смирнова.
Оның айтуынша, облыстағы дәріханалардың жартысына жуығы бірыңғай таңбалау операторының ақпараттық жүйесіне біріктірілген. Процесс жалғасуда. Ауылдық дәріханаларға ерекше назар аударылады.
Қарағанды фармацевтикалық кешені республикадағы пилоттық жобаның бір бөлшегі болды. Дәрі-дәрмектерді таңбалау екі жыл бойы жүргізілді.
Ол үшін қажетті жабдықтар мен бағдарлама сатып алынған. Қазір өндіруші өзінің барлық өнімдерін толықтай таңбалап шығарады.
Дәріханаларға 2D сканерін сатып алу қажет. Ал мобильді қосымшаны смартфонға тегін орнатуға болады.
Кәсіпкер Анара Асанның шағын дәріханасы бар. Айтуынша, таңбалауды енгізу және жүйені орнату кезінде ешқандай қиындық болмаған.
– Бәрі қарапайым және оңай, шығын аз. Біз екі сканерлеу құрылғысын сатып алдық. Нұсқау бойынша жүйеге кіруге 1 сағат қана уақыт кетті. Тіпті техникалық мамандардың көмегі қажет болмады, – дейді Анара Асан.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -