Қарағанды облысында өкпенің қатерлі ісігін заманауи әдіспенемдейді
Қарағандының № 3 көпсалалы ауруханасында (онкодиспансер) өкпенің қатерлі ісігін емдеудің аз инвазивті технологиялары енгізілуде, олардың көмегімен жақсы нәтижелерге, тез оңалу және косметикалық әсерге қол жеткізуге болады.
Осылайша, № 3 көпсалалы аурухананың кеуде хирургтары Қарқаралыдан келген 55 жастағы науқасқа ота жасап, оң өкпенің төменгі бөлігінен ісікті алып тастады. Операция бейне жабдықты қолдану арқылы өтті, оның көмегімен бейнелеу сапасы жақсарады және пациент үшін қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Операцияда жарақат төмен болады: кішкентай тілік арқылы жасалады.
– Денсаулығыма қатысты шағым болған жоқ. Бірақ осы жылдың сәуірінен бастап тұрақты жөтел мен сәл жұмыс істесем ентігу пайда болғанына алаңдай бастадым, содан кейін тұрғылықты мекенжацым бойынша дәрігерлерге жүгіндім. Флюорограмма жасалды, өкпе патологиясы анықталды және онкологқа жіберді. Мұнда қосымша тексеруден өтіп, келесі күні маған ота жасалды, – деп бөлісті науқас.
– Мұндай операциялардан кейін оңалту кезеңі әлдеқайда қысқа және пациенттер көп ұзамай қалыпты өмірге оралады. Айта кету керек, біздің ауруханада 2023 жылы осындай 100-ден астам операция жасалды, 2024 жылы – 35-ке жуық, – деді торакалды хирургиясы бар бас және мойын ісіктері бөлімінің меңгерушісі Ерғали Шауенов.
2024 жылға Қарағанды облысында ересек тұрғындарды кәсіби тексеруге және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтерге медициналық сақтандыру қорынан екі млрд теңгеден астам қаражат жіберу жоспарланған.
Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -