Қарағанды облысында МСАК үздік тәжірибелерінің үш орталығы ашылды
Қарағанды облысында медициналық қызметтердің сапасын арттыру жалғасуда. Қарағандыдағы № 1 және 2 емханалар базасында және Теміртаудағы № 4 емханада үздік тәжірибелер орталықтары іске қосылды.
Жаңа медициналық ұйымдардың ашылуына Қарағанды облысы бойынша жұмыс сапары кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты.
Пациентке бағдарланған жүйе триаж-жүйе бойынша тіркеу деңгейінде пациенттер ағынын сраптап бөлуді, тіркеу орнының жанында жедел жәрдем кабинетін ашуды, цифрлық технологияларды интеграциялауды, навигацияны және электрондық кезектерді қамтиды.
Бұл пациенттің қоғамдық қабылдау бөлмесінде өз проблемасымен қайда, қалай және кімге жүгіну керектігін анықтауға кететін уақытын барынша жеңілдетеді және қысқартады.
Теміртауда бұл үздік тәжірибелердің алғашқы орталығы. Отбасылық дәрігер, әлеуметтік қызметкер, психолог және бейінді мамандардан тұратын көпсалалы топтық жұмыс халыққа медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.
Орталықтардың жұмысында аурулардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аударылады. Пациенттердің әлеуметтік жағдайына басымдық беріледі, өйткені орталықтар отбасылық медицина принципін енгізуге бағытталған.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -