Қарағанды облысында шипажай ісін жүргізетін инвесторларға жақсы ұсыныс бар
Қарағанды облысында жыл бойы қызмет ететін шипажай-профилакторий ашу ұсынылады. Абай ауданының Жартас ауылында осы мақсатқа арналған дайын ғимарат бар.
Бірлескен жоба үшін әлеуетті инвестор іздестірілетіні туралы "Сарыарқа” ӘКК" АҚ хабарлады. Қайта құру үшін 1969 жылы салынған бұрынғы "Шипагер" туберкулезге қарсы балалар санаторийінің ғимараты ұсынылады. Жалпы ауданы - 1798,5 шаршы метр: 12 үлкен және 11 шағын бөлме, 6 әкімшілік ғимарат, қазандық, асхана, акт залы, қысқы бақ, бассейн. Ішінара коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндігі бар.
Жобалық-сметалық құжаттама бар.
Мүдделі адамдар төмендегі телефон арқылы хабарласа алады: +7 701 740 20 19.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -