Қарағанды облысында "Таза Қазақстан" акциясына қатысушылар 56 мың тоннадан астам қоқыс жинады
Қарағанды облысының 127 мыңнан астам тұрғыны "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясын қолдады. Олардың күшімен ҚТҚ полигондарына 56 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды.
Сәуір айынан бастап шараға барлығы 10 743 кәсіпорын қатысты, 1433 бірлік техника жұмылдырылды, 367 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жойылды.
Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте "Таза Қазақстан" акциясын іске асыру туралы Энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Арман Сәттібаев айтып берді.
– Облыста 951 контейнер мен 241 контейнерлік алаң орнатылды, 24 мыңнан астам аула аумағы мен 226 саябақ пен гүлзар жиналды, 441 тарих және мәдениет ескерткіші жөнделіп, ретке келтірілді, – деп хабарлады Арман Сәттібаев.
Көгалдандыруға көп көңіл бөлінді - мемлекеттік қор аумағында, қалалар мен елді мекендерде 130 мыңнан астам ағаш және 7700-ден астам бұта отырғызылды. 125 су айдынының жағалау бойы тазартылды.
- Құқық бұзушылар да болды. ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 6129 ескерту және 512 айыппұл ресімделді. Акция аясында Қарағандыда Үздік ПИК, ал Шахтинск қаласында – үздік аулалар таңдалды. Мәселен, облыс орталығында "Арман" ПИК жеңімпаз атанды, ал Шахтинскіде – Мәскеу, 23, Парковая, 39 және К.Маркс, 22 көшелерінің аулалары үздік деп табылды. Жеңімпаздарға шағын сәулет пішіндерін сатып алуға және ойын алаңын жөндеуге сертификаттар табыстады, сондай-ақ көшеттер сыйлады, - деді спикер.
Акция жыл соңына дейін жалғасады. Арман Сәттібаев тұрғындарды аулаларда сенбіліктер ұйымдастыруға шақырды және су айдындарында, орман екпелерінде және ұлттық саябақтарда жүргізіліп жатқан рейдтер туралы еске салды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -