Қарағанды облысында ветеринария басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы лауазымына осы уақытқа дейін аталмыш ведомствода бөлім басшысы қызметін атқарған Амандық Жәкетаев тағайындалды.
Облыстың жаңа бас ветеринарын аппараттық кеңесте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев таныстырды:
– Амандық Сәкенұлы конкурстық іріктеу арқылы Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды. Екі жоғары білімі бар: Семей қаласының Қазақ инженерлік-техникалық академиясын және Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін "жерге орналастыру" және "ветеринариялық медицина" мамандықтары бойынша бітірген. 2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.
2011 жылдан 2016 жылға дейін Амандық Жәкетаев Топар кенті әкімдігінің ветеринария бойынша бас маманы, Абай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде ветеринар болып жұмыс істеді, Абай ауданының ветеринария бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
2016 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының ветеринария басқармасында бөлім басшысы болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -