Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді: Астана қаласы, 09 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағанды облысындағы дала өрті сөндірілді

Қазақстан ТЖМ құтқару бөлімшелері Қарағанды облысының аумағындағы өртті сөндірді. Өрттің аумағы анықталуда.

Бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ борты өрттің аумағына аэровизуалды барлау жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды.

Секундына 20 метр қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Қарағанды, Ақмола, Абай облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылар топтары, ҚР ТЖМ 68303, 52859 әскери бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдар өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарына тартылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді. ҚР ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қорғаныс министрлігінің 5 әуе кемесі жұмылдырылды. Әуе кемелері  өрт ошақтарына 62 рет жалпы көлемі 112 тонна су төкті. Өртті сөндіруге 609 адам және 93 бірлік техника, 3 ҰҰА жұмылдырылды.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша елді мекендер мен орман шаруашылығын қорғау үшін қосымша күштер және құралдар арттырылды. Соның арқасында 7 елді мекенге: Қоянды ауылы, Теректі ауылы, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Атантай, Қолбасы бөлімшелері, сондай-ақ 11 шаруа қожалығына өрттің таралуына жол берілмей,  қорғап қалды, онда 1,5 мыңға жуық адам тұрады және 33 мыңнан астам бас мал бар.

Сонымен қатар ТЖМ құтқару топтары Егіндібұлақ ауылы ауданындағы Кувский шаруашылығының орман қоры аумағына оттың таралуына жол бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты және Қоянды ауылдық округтеріндегі дала аймағында биіктігі 1 метрге дейін құрғақ шөп жанды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан ТЖМ құтқару бөлімшелері Қарағанды облысының аумағындағы өртті сөндірді. Өрттің аумағы анықталуда.

Бүгін «Қазавиақұтқару» АҚ борты өрттің аумағына аэровизуалды барлау жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, жаңа өрт ошақтары байқалмайды.

Секундына 20 метр қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Қарағанды, Ақмола, Абай облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылар топтары, ҚР ТЖМ 68303, 52859 әскери бөлімдері мен жергілікті атқарушы органдар өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарына тартылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізілді. ҚР ТЖМ, ІІМ ҰҰ, Қорғаныс министрлігінің 5 әуе кемесі жұмылдырылды. Әуе кемелері  өрт ошақтарына 62 рет жалпы көлемі 112 тонна су төкті. Өртті сөндіруге 609 адам және 93 бірлік техника, 3 ҰҰА жұмылдырылды.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша елді мекендер мен орман шаруашылығын қорғау үшін қосымша күштер және құралдар арттырылды. Соның арқасында 7 елді мекенге: Қоянды ауылы, Теректі ауылы, Айыр, Қызылшілік, Шөптікөл, Атантай, Қолбасы бөлімшелері, сондай-ақ 11 шаруа қожалығына өрттің таралуына жол берілмей,  қорғап қалды, онда 1,5 мыңға жуық адам тұрады және 33 мыңнан астам бас мал бар.

Сонымен қатар ТЖМ құтқару топтары Егіндібұлақ ауылы ауданындағы Кувский шаруашылығының орман қоры аумағына оттың таралуына жол бермеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Шарықты және Қоянды ауылдық округтеріндегі дала аймағында биіктігі 1 метрге дейін құрғақ шөп жанды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар