Қарағанды облысында өзендердің резервтік учаскелерінде балықтандыру жұмыстары жүргізілуде
ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитеті Нұра-Сарысу бассейнінің балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын молайту жөніндегі 2024 жылға арналған мемлекеттік тапсырысы шеңберінде Қарағанды облысының Абай және Нұра аудандары Нұра өзенінің резервтік учаскелеріне 300 000 дана тұқы (сазан) шабақтарымен балықтандыру жүргізілді.
Су айдындарын балықтандыру, су объектілерін балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстарды жүргізу қағидаларына сәйкес, балықтандыру жұмыстарын «Қарағанды балық питомнигі» ЖШС жүргізді.
Бұл учаскелерді балықтандыру 28 тамызда да жүргізіледі.
Жалпы, ағымдағы жылы Балқаш-Алакөл, Арал-Сырдария, Зайсан-Ертіс, Есіл бассейндерінің су айдындарында балықтандыру жоспарлануда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -