Қарағанды облысында жүк көліктерді заңсыз тіркеу фактісі анықталды: Астана қаласы, 15 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қарағанды облысында жүк көліктерді заңсыз тіркеу фактісі анықталды

Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды.

Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ақмола, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарында алымдарды төлемей жалған төлем құжаттары бойынша көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеу фактілері анықталды.

Сонымен қатар, Агенттік еліміздің барлық Арнайы ХҚКО-ларында алымдарды дұрыс төлеу мақсатында тартқыштарды, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қою заңдылығына кең ауқымды тексерулер жүргізді.

Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қарағанды облысында бір топ адамның жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу фактісін Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізгені анықталды.

Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген.

Жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.

Күдіктілер-мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталды, сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Ақмола, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарында алымдарды төлемей жалған төлем құжаттары бойынша көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеу фактілері анықталды.

Сонымен қатар, Агенттік еліміздің барлық Арнайы ХҚКО-ларында алымдарды дұрыс төлеу мақсатында тартқыштарды, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қою заңдылығына кең ауқымды тексерулер жүргізді.

Егер сіз экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз.

Анонимділікке кепілдік беріледі.

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар